Астанада жас келіншек көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды

Әлеуметтік желілерде Астанадағы аулалардың бірінен жас келіншектің мәйіті табылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Қайғылы оқиғағы алғаш болып көршілері мен өтіп бара жатқандар куә болды. Куәгерлердің бірінң айтуынша марқұм небәрі 34 жаста болған. Сонымен қатар ол көп балалы ана екен.

Мен өзім жақсы танитын 1990 жылғы қыздың балконнан секіргеніне куә болдым.  Ол бес баланың анасы, кішісі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалған. Кетер алдында  араларында жанжал шыққан, — деп жазды  көршілердің бірі Астана- Что,? Где? Когда? Telegramm арнасына берген сұхбатында.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді.

Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан келіншектің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, марқұм жоғарғы қабаттардың бірінен құлаған.  Ол ауыр жараққаттан оқиға орынында бірден  қайтыс болды. Мәйіт полицияға тапсырылды, — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті де түсініктеме берді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, — деді полициядағылар.

Фото: Ғаламтордан