ақпарат ағыны

Алқабилер ақтаған Кәрім Көкірекбаев қайта соттала ма?

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты  Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен  ақтау туралы  үкімінің күші жойылды, — деп хабарлайды  Jurtmedia.kz ақпарттық порталы.

Бұл туралы Антикордың баспасаөз қызметі мәлімдеді.

Биыл 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ  «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қ. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, К. Көкрекбаев сот залында қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және сол кезде «Қазселденқорғау» басшысы болған Кәрім Көкрекбаевтың ұсталғаны туралы 2022 жылдың 27 желтоқсанында белгілі болды. Сол кезде Антикор ол «пара алу кезінде» ұсталғаны туралы хабарланды. 2023 жылғы мамырда Антикорда істің қатысушыларына орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңгеге ірі және аса ірі көлемде пара алу айыпталғанын мәлімдеді.

Маусымда алқабилер соты Көкрекбаевты ақтағаны белгілі болды. Ал оның бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Артынша Бас прокуратура  К.Н. Көкрекбаевты ақтауға қатысты үкімге наразылық енгізетіндіктерін мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған. Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі, деп жазды сол кезде Бас прокуратураның баспасөз қызметі.