Алқабилер ақтаған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі сотталуы мүмкін

Күні кеше Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ақталған Кәрім Көкірекбаевқа қатысты Бас прокуратура үкімге наразылық білдірмек,  деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады,

Бүгін Бас прокуратура  К.Н. Көкрекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық енгізетіндіктетін мәлімдеді.

Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған. Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі, жеп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. (Кәрім Көкірекбаев — ред.) мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеті мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін (ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы). айыпталған еді.

Соңғы сот отырысында оның орынбасары Әділет Ахатаевқа 11 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықты. Ал оның басшысы болған Кәрім Көкірекбаев кінәсәіз деп танылып, ақталды.

Егер сот қадағалаушы органның келтірген наразылығын құптайттын болса Көкірекбаев та айыпты деп танылып бас бостаныдығынан айрылуы мүмкін.

Ол соңғы қызмет орнына дейін Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Жамбыл облысының әкімі қызметттерін атқарған болатын.