Аматыда кітап оқып отырып кофе ішетін немемес кофе ішіп отырып кітап оқитын тағы бір керемет рухани ерекше орталықтың ресми ашылуы өтті деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы
Орталықтың ашылуына Қазақстан жазушылар одағы төрағасы Мереке Құлкенов бастаған ақын Қасымхан Бегманов, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов, белгілі журналист Серік Абас-шах сынды зиялы қауым өкілдері мен кітап сүйер қала тұрғындары мен жастар жиналды.
Жобаның авторы «Мазмұндама» қорының басшысы, баспагер-журналист Шыңғыс Мұханның айтуынша орталықта тек бір мезгіл кітап, кофе ішіп кетуге ғана емес түрлі кітаптардың тұсауы кесері мен әдебиі шығармашылық кештер секілді түрлі мәдени-рухани шаралар ұжымдық отырыстар өткізуге де мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар туған күніңізід дәл осы жерде атап өтемін деушілерге 15 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Тағы бір ерекшелігі COFFEE BOOK келушілерге тәулік бойы демалыссыз қызмет көрсетеді.
Айта кетейік Алматыда осыдан шамалы уақыт бұрын дәл осындай орталықтың алғашқысы ашылған болатын. Идея авторларының айтуынша осындай орталықтарды еліміздің барлық қалаларынан ашып, жалпы санын 500-ге жеткізуді жоспарлап отырған көрінеді.
Фотолар: facebook.com/mukan.shynggys? парақшасынан