Абай облысында бір аптадан кейін денесі табылған қызды өлтірді деген күдікпен анасы қамауға алынды 

Бір апта бұрын із-түзсіз жоғалып артынан денесі табылған  30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы 2 маусым күні полицияға арыз түсірген. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, «қызым таксиге мініп кетті» деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарқ-ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.

Еске сала кетейік, бұған дейін 26 мамыр күні жоғалып кеткен марқұмның денесі Семей қаласы маңынан табылғанын жазған болатынбыз.

 

Фото: Абай облысы ПД