Елордада инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда, деп хабарлайды, Jurtmedia.kz
Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова брифинг кезінде айтты.
Қалада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасуда. Қаңтар айының басынан бастап қызылшаның 1 890 бастапқы және 532 расталған жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 381 жағдай тіркелген.
Елордада инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда, сырқаттанғандардың 68 пайызын осы кісілер құрайды, — деді С.Бейсенова.
Бас дәрігердің айтуынша, желтоқсан айымен салыстырғанда балалар арасында сырқаттанушылықтың бір жасқа дейін, бір жас және 2 жастағы балалар арасында төмендеуі байқалған. Мәселен, 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың қарқынды көрсеткіші 692,7-ден 589,4-ке дейін немесе 15%-ға, бір жастағы балалар 880,2-ден 805,3-ке дейін немесе 8,5%-ға және 2 жастағы балалар тиісінше 701,6-дан 551,9-ға дейін немесе 21,3%-ға төмендеді. Көрсетілген жастағы сырқаттанудың төмендеуі бұл қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда, ересектер арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3%-ға өсті.