Қолайсыз ауа райы: Еліміздің бірнеше өңірінде жол жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде жол қатынасы қиындап тұр, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Тас жолдар жабылған өңірлерде полицейлер тасжолдарда күшейтілген кезекшілікпен жұмыс атқарып жатыр
Polisia.kz Telegram арнасының жазуынша, қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік облыстарында ауа райы жақсарып келеді. Жабық аумақтарға полиция, ТЖМ мен “ҚазАвтоЖол” қызметкерлері жұмылдырылған.

Жетісу облысында Үшарал — Достық тасжолының бір бөлігі жабылды.

Шу станциясы желілік ПБ қызметкерлері ауа райына байланысты пойыздары кешігіп жатқан жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ,  Жамбыл облысы аумағында Алматы — Ташкент — Термез автожолының 239-шақырымынан 593-шақырымына дейінгі (Түркістан облысымен шекаралас) жол учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық.

Маңғыстау облысындағы Таушық-Қаламқас облыстық маңызы бар тас жолы да жабық. Маңғыстау полициясы автожолдарда күшейтілген режимде жұмыс істейді. Автокөлік қатаң түрде полицияның сүйемелдеуімен ғана жүруде., — деп жазды дереккөз. 

Еске сала кетейік,  13 желтоқсаннан бастап Жамбыл облысында жергілікті Төтенше жағдай жарияланған болатын.

Өңірдегі ауа-райының қиындауына байланысты бірнеше жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтап тұрғанын жазғанбыз.

Фото:  Polisia.kz Telegram арнасынан.