Қар құрсауынан мыңнан астам адам құтқарылды

10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық құбылыс салдарынан кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Polisia.kz сайтының жазуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етуде. Кейбір аймақтардың жолдарындағы патрульдік экипаждар саны 2-3 есеге көбейтілді.

«ҚазАвтоЖол» мен полицияның ескертулеріне қарамастан кейбір жүргізушілер трассаларға шығып кетіп, тек полицейлердің көмегімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алатын жағдайларға тап болып жатқаны да кездесуде.

12 облыста халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды.  Барлығы 100 учаскеден астам. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны – 500. Осы күнге дейін жолдарда қалып қойған  1012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала. 1100 жүргізушілерге көмек көрсетілді. Барлық экипаждарда арнайы дәрі-дәрмек қобдишасы бар. Олардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген, — деп жазды дереккөз.

Негізінен сақшылар жолда қалған азаматтардың суыққа тоңған көлік жанармайын жылытуға, бұзылған көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға көмектесті және тізбектелген автокөліктерді алып жүрді.

Көптеген жүргізушілер мен жолаушылар полицейлерге өз ризашылықтарын білдіріп, олардың ескертулерін тыңдауға кеңес берді.

фото: дереккөзден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *