Астанада резервтік кадрларды іріктеу басталды
Астана қаласының кадрлық комиссиясы өңірлік резервіне үміткерлерді іріктеуді бастады деп хабарлайды Jurtmedia.kz. Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады: Қазақстан Республикасының азаматтылығы; құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған; жоғары білімі болуы; үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі: 1) әлеуметтік сала; 2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және…