
Шымкентте «ҚазМұнайГаздың» акцияларын ұсынған қылмыстық топ ұсталды
Алаяқтар құрбандарының бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған. Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті анықтады. Алаяқтық схема азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы құрылған. Ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық…