Home Blog Page 7

Үштөбеде ҚТЖ жала жапты деген теміршолшыға қатысты кезекті сот отырысы өтті

Жетісу облысы, Үштөбе қаласында өткен сот отырысында істі тергеп-тексерген екі тергеушіден жауап алынды,-  деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сот процесінде жауап алу барысында алғашқы болып Үштөбе станциясы көліктегі полиция бөлімінің тергеушісі Асанов Қуат тараптардың сұрақтарына жауап берді. Ол өз сөзінде 2024 жылдың қараша айының 4-9 аралығында қылмыстық оқиға болған жерді тексеру барысында темір жол бойынан жымқырылды деген M22 кодтық маркасы бар бұрандаларды санап шыққанын айтты. Ол  екі күн бойы Үштөбе станциясына қарасты «Солтүстік» және «Көксу» мойыншасын қарап шыққан. Тексеру барысында сотталушы Байдилданов тарапынан қолды болды деген M22 кодтық маркасы бар бұрандалардың тиісті орынға орнатылғанын көрген.

Одан кейін жауап берген осы іске қатысты тергеу тобының басшысы Тимур Әділханұлы да алдыңғы әріптесінің сөзін нақтылады.

Оның айтуынша, оқиға болған жерге барған тергеу тобы мүшелері станцияға жеткізілген жалпы көлемі 1 тонна болатын яғни 1785 дана бұранданың 1678 данасы тиісті орындарға орнатылып тұрғанын анықтағандарын жеткізді.

Бұған қоса станция аумағынан әлі орнатылып үлгермеген 54 дана бұранданы айғақ зат ретінде алып кеткендерін мәлімдеді.

Осы жерде адвокат Жақсылық Тұрсынбайдың, «Сіздіңше айыптау кезінде өздеріңіз жымқырылды деген бұрандалар жоқ емес бар болып тұр ма?»,-деген сауалына, «иә біз барғанда болды, бірақ алдыңғы ҚТЖ тарапынан келген ревизия кезінде жоқ болғандықтан Байдилданов жымқырған деп санаймын», – деді. Оның айтуынша ҚТЖ ревизорлары кеткен соң сотталушы Байдилданов қарамағындағы жұмысшыларды ұйымдастырып, тергеушілер келгенге дейінгі аралық уақытта бұрандаларды сол орындарға ауыстырып қойып үлгерген.

Қорғаушы, «Сіздер анықтаған 1678 дана бұранданы ҚТЖ-ға келтірілген жалпы шығыннның (1785 дана) көлемінен неге шегеріп тастамасқа?»,- деген сұрақ қойды. Оған тергеу тобының басшысы, «Байдилданов бұл бұрандаларды басқа жақтан алып келіп қоя салған шығар»,-деген екіұшты болжамды жауап берді.

«Сіз ойлап тұрғандай болса, Байдилдановтың ол бұрандаларды қайдан алып келіп қойғанын анықтадыңыздар ма?», деген қорғаушының келесі сауалына, тергеуші «Ол мүмкін болмады», – жауап берді.

Сот отырысын тыңдау барысында мәселенің барлығы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ тарапынан келген ревизорлық тексерудің атүсті болғандығынан туындағанын аңғаруға болатын сияқты.

Оған, осы іске қатысты арыз түсірген Достыбаев сотталушы Байдилдановпен екеуара дауыстық хабарлама негізіндегі әңгімесінің жазбасында «Біз ҚТЖ қызметкерлерімен тексеріс жүргізген кезде М22 маркалы бұрандалары кездесті, бірақ біз оларды тіркеген жоқпыз» деген сөзі  дәлел бола алады. Бұл жазба сот барысында тыңдалған. Бізбен сөйлескен тағы бір азамат, сотта куә ретінде жауап беріп жатқан Амир Мұханұлы да өзінің сол тексерушілер жанында болғанын айтты. Оның сөзінше тексерушілер ешқандай да маркалық номерлерге назар аудармаған. Ондай бұрандаларды іздемеген де.

  Мен осы жерде жол шебері болып жұмыс істеймін. Біз  М22 маркалы бұрандаларды темір жол бойындағы қажетті жерлерге  2023 жылдың тамыз айымен 2024 жылдың қаңтар айы аралығында ауыстыру жұмыстарын жүргіздік. ҚТЖ-дан тексерушілер келген кезде де өзім ішінде болдым. Олар тексеру жұмысы барысында  М22 маркалы бұрандаларды көрсетуді талап еткен жоқ.

 Алайда олар, тексеріс соңында М22 маркалы бұрандалар жоқ деген акт толтырды. Мен өз басым келіспейтінімді айтқаныммен мені мәжбүрлі түрде қол қоюға көндірді,-дейді А. Мұханұлы.

Сот процесі кезінде мемлекеттік айыптаушы, тергеу тобының басшысына; «Сіздер өздеріңіз анықтаған 1678 дана бұранданы сараптама жүргізген маманға неге ұсынбадыңыздар?»,-деген сұрақ қойды. Жауап беруші, «Оны сарапшылар сұраған жоқ»,-деген күлкілі жауап берді.

Артынша іске төрелік етіп отырған судья да осы сауалды нақтылап тағы сұрады.

Сот отырысының сол күнгі қорытындысы бойынша судья істі нақтылап, айғақ заттар мен берілген жауаптарды саралап қорытынды шығару үшін сараптама тағайындауға шешім шығарды. Сараптама жасау үшін іс материалдары Алматыдағы Сараптама институтына жолданатын болды.

Сот процесі аяқталған соң журналистік зерттеу жүргізу мақсатында соталушымен бірге Үштөбе станциясына бардық. Сол жерде жымқырылды деген М22 маркалы бұрандалардың орнатылып тұрғанын біз де өз көзімізбен көрдік.

Күдікті ретінде танылып отырған Бекет Байдилданов бізге жоғалды деген  бұрандаларды көрсетіп, олардың қашан қалай орнатылғандығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

 Мен өз жауапкершілігімде қабылдап алған  М22 маркалы бұрандалардың басым бөлігін ҚТЖ-дан резизорлық тексеріс келгенге дейін  қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен жұмысшыларға тапсырма бере отырып орнатып қойдым. Орнатылмаған 54 дана бұранда осы станция аумағында тұрды. Оны ешкім ешқайда алып кеткен жоқ. Кейін тергеушілер келіп айғақ зат ретінде алып кетті. Өкінішке орай тергеу мен сотта осы сөздерімді дәлелдей алмай жатырмын. Дегенмен, судья әділ  шешім шығарады деп сенемін, -дейді сотталушы, ҚТЖ  ҰК-на  қарасты Үштөбе станциясының телім бастығы Бекет Байдилданов.   

Келесі сот отырысы Сараптама институтының қорытындысы келген соң жалғасатын болды. Процеске жәбірленуші жақтың өкілі ретінде қатысқан  «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Магистральды желі дирекциясы»  заңгері берілген жауаптар мен дәлелдерге қатысты ешқандай қарсылық білідірген жоқ.

Айта кетейік, осының алдында редакцияға өзінің кінәсіз екендігін айтып, әділдік іздеп хабарласқан Бекет Байдилдановтың айтуы бойынша материал жазған болатынбыз.    Аталған мәселе Сот іске соңғы нүктесін қойғанға дейін тақырып Jurtmedia.kz тілшілерінің назарында болады.

Алматыда бала тәрбиесіне қатысты деректі фильмнің жабық көрсетілімі өтті

Алматыдағы  Chaplin кинотеатрында продюсер Ольга Сапожникованың «Өзіңе апаратын жол, бала тәрбиесі» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті, -деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

КТК телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген 35 минуттық фильм қазіргі заманда балаларымыздың қандай адам болғанын қалаймыз және қандай тәрбие беруіміз керек деген күрделі де өзекті сұрақты көтереді. Жылдам технологиялық жетістіктер, мәдени өзгерістер және жаһандық сын-қатерлер бүкіл әлемдегі ата-аналарды өз көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етеді.


Фильмнің авторы және продюсері, деректі кинорежиссер, Hidden Hero жобасының негізін қалаушы Ольга Сапожникова фильм идеясы бүкіл әлемдегі, оның ішінде  Қазақстан мен Еуропа, БАӘ елдеріндегі ата-аналармен әңгімелесуден кейін туындағанын айтады.

 Фильм идеясы шынайы сұраныстан туған. Көптеген ересектер маған ішкі қобалжумен келеді, оның себебін сұрасаң, көбінесе ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста. Әлем тез өзгеріп жатыр, ал ата-аналар не істеу керектігін түсінбейді: гаджеттер,одан қала берді идеологиялық түрлі қысым. Осындай жағдайда баланы қалай тәрбиелеу керек? Менің әжем бұл өмірдегі ең маңызды жұмыс екенін айтады. Нағыз қамқорлық – бұл жылулық  пен шекарада.  Егер біз, ересектер өзіміз балалар үшін гаджеттерден гөрі  қызықтырақ бола алсақ нәтижеге шығаруға болады, – дейді Ольга Сапожникова.

Фильм көрерменді Қазақстаннан Францияға қатар сапар шектіреді. Қазақстандық бөлімде көрермен назарын сценарист әрі блогер Нариман Әбиевтің әр жазда балаларын Жамбыл облысындағы Гранитогорск ауылына неліктен әжелеріне қонаққа жіберетінін айтқан әңгімесі аударды. Оның айтуынша, тек осындай жерлерде ғана адам өз тамырын сезініп, қарапайымдылыққа, сыйластыққа, отбасымен шынайы байланысқа үйренеді.
Қазақстанның тағы бір жарқын кейіпкері – білім беру және рухани психологияның белгілі маманы Марина Таргакова. Оның зейін, шекара және ата-аналар мен балалар арасындағы терең байланыс туралы сөздері фильмнің эмоционалды шарықтау шегіне айналды.
Фильм нәзік тақырыптарды қозғайды: әлеуметтік желілердің әсері, үгіт-насихат, ата-ана болудан бас тарту, ересектер беделінің төмендеуі және цифрлық әлемдегі сәйкестік дағдарысы. Авторлар қорқытпайды, бірақ барынша шынайы  көрсетуге тырысады.  Фильмнің айтпағы, ата-ана тәрбиесі тек махаббат емес, сонымен қатар жауапкершілік, жетілу және өзіңмен жұмыс істеу.

Ал, Ниццадағы отбасылық оқиғаларға арналған фильмнің тағы бір бөлігінде мектеп меңгерушісі Тиффани ханым  сыпайылықтың, құрмет пен тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелейді. Ал француз әйелдері childfree балалар  қозғалысы туралы өз ойларымен бөліседі. Орыс әйелімен төрт бала тәрбиелеп отырған бельгиялық Мартин Богаартс көп балалы еуропалық отбасының қандай болатынын көрсетеді.

Фильм қамтылған сұрақтарға дәлме-дәл дайын жауаптар бермегенімен, сізді ойландырады: еркіндік пен рұқсат ету арасындағы шекара қайда? Неліктен бала тәрбиесі үшін ата-ананың телефонынан гөрі қызықты болуы маңызды? Ал еуропалық және қазақ мәдениетінің артықшылықтарын  біріктіріп қарастыру мүмкін бе?,-деген секілді ойларға жетелейді.
Айта кету керек, Фильмнің жабық көрсетіліміне прогрессивті және маңызды бастамаларды қолдаушы OMODA бренді қолдау білдірген.  Қазақстанда жаңа флагмандық модельдің сатылымы маусым айында  басталды.

Фото: OMODA компаниясы баспасөз қызметінен.

Нәбира АЛМАНОВА  JM

Астанада фитнес-орталықтың жалған сертификатын сатқан азамат сотталды

Бұрын спорт клубтарында жаттықтырушы болып жұмыс істеген азамат алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы заңдық күші жоқ, өзі дайындаған жылдық абонемент түріндегі жалған сыйлық сертификаттарын сатып келген,-хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ол бұл сертификаттарды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан — 150 мың теңгеге ұсынып, олардың түпнұсқалығына сендіріп, азаматтарды шатастырған. Шын мәнінде мұндай абонементтердің құны шамамен 700 мың теңгені құрайтын.

   Жәбірленушілер, фитнес-орталыққа келгенде сатып алған сертификаттарының жарамсыз екенін біліп, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған. Аталған қылмыстық әрекеттен 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық залал 3,5 млн теңгеден асқан,- делінген Астана прокуратурасы берген ақпаратта. 

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Жәбірленушілерге келтірілген залал толық өтеліп, ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, сот үкімімен алаяққа 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

27 жастағы келіншек төрт баласын өзенге лақтырып жіберген

 Оқиға 30 маусымға қараған түні болған. Куәгерлер мен ресми деректерге сүйенсек, Мадина Халимова есімді әйел күйеуінің басқа әйелі барын естіп, қатты күйзеліске түсіп, кек алу мақсатымен өзіне және балаларына қол жұмсауға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы,

El.kz интернет порталының жазуынша адам шошырлық қайғылы оқиға Тәжікстанның Фархор ауданында болған. 27 жастағы келіншек өзенге төрт баласымен бірге секіріп кеткен.

Алайда өзенге секірген келіншек аман қалып, төрт баласы – үш қызы мен екі айлық ұлы – мерт болды.

Ресми мәліметке сәйкес, келіншек алдымен екі баласын, кейін тағы екеуін суға лақтырып, артынан өзі секірген. Бірақ әйел жүзіп шығып, тірі қалған. Балалардың үлкені – бес жастағы қызы, ал кенжесі – небәрі екі айлық Мұхаммад есімді сәби болған.

Жергілікті Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Әйелдің күйеуі Кудратулло Шарифов болса, екінші әйел мәселесінің жалған екенін айтып, жұбайымен араларында жанжал болмағанын жеткізді. Ол 30 маусым күні таңертең тұрғанда әйелі мен балаларының үйде жоқ екенін біліп, іздеуге кіріскен. Сол сәтте әйелінің жазып қалдырған бірнеше хатын тапқан.

Хаттардың бірінде: «Латофаттың әкесі, мені кешір. Мен саған жақсы жар бола алмадым, саған қызмет ете алмадым», – деген сөздер жазылған.

Осыдан кейін күйеуі дереу туыстарына хабар беріп, полицияға арыз жазған. Кейін ағасының қоңырауы арқылы келіншектің табылғаны белгілі болады. Халимова полицияға берген түсініктемесінде түнде екі белгісіз ер адамның келіп, балаларды өзенге тастауды бұйырғанын айтқан. Күйеуінің айтуынша, ол бұған дейін де сандырақтап сөйлейтін, ал әйелдің ағасы да бұған дейін өзін-өзі өлтірген екен ,- деп жазды дереккөз.

Қазір “адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сарапшылар мен тергеушілер келіншектің психикалық денсаулығын тексеріп, бұл әрекеттің себептерін терең зерттеуде

фото: ашық дереккөзден.

Астана прокуратурасы азаматтарға ескерту жасады

Соңғы екі жыл ішінде Астана қаласында жалған терроризм фактісі бойынша 40-тан астам істер тіркелген, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Елорададағы «Нұра» ауданының прокуратурасы қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған террористік қауіптер, нысандарды жарылғыш затпен жарақтандыру туралы және өзге де қасақана жалған хабарламалар тарату фактілерінің жиілегенін жеткізді.

 Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады және оның жазасы ретінде 5 000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Мысалы, ағымдағы жылы Түркістан облысының кәмелетке толмаған тұрғыны өз өңірінде бола тұра, Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының нөміріне үшінші тұлғаның атынан террористік акт жөнінде жалған хабар берген. Құқық қорғау органдары тарапынан құқықбұзушының жеке басы шұғыл анықталып, нәтижесінде сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасына тартылды,-делінген Астана прокуратурасы берген ақпаратта. 

Қылмыстық жауаптылықпен қатар, мұндай әрекеттер материалдық жауапкершілікке де әкеп соғады.

Сот шешімімен құқықбұзушылар жалған хабарламаларға әрекет ету барысында мемлекет тарапынан жұмсалған материалдық шығындарды (арнайы қызметтердің жұмысы, полиция, саперлер, кинологтар, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің шығындары, эвакуациялық іс-шаралар, мекемелердің қызметін уақытша тоқтату және т.б.) толық көлемде өтеуге міндеттеледі.

   14 жасқа толмаған тұлғалар тарапынан жалған хабар таратылған жағдайда келтірілген материалдық залал үшін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапты болады, – деп жазды дереккөз. 

Осыған байланысты, елорда прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға, құқықтық жауапкершілікті ескеруге және көрінеу жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырады.

Үштөбе Темір жол станциясы қызметкері сотта ҚТЖ жала жауып отыр деп шағымданды

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына қарасты Үштөбе  станциясының телім бастығы  сотта өз кінәсіздігін дәлелдей алмай жүр деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы редакцияға хабарласқан күдікті ретінде айып тағылып отырған Бекет Байдилдановтың өзі мәлімдеді.

Оның айтуынша оқиға былай болған: Ол телім бастығы болып қызмет істейтін  Үштөбе  темір жол станциясына темір жол бойындағы ескірген бұрандаларды ауыстыру мақсатында Алматы қаласында орналасқан ҚТЖ-ға қарасты материалдық базадан 1тонна (1785 дана) көлеміндегі арнайы бекіту бұрандалары (шуруп)  жеткізілген.

Бұл барлығын құжат бойынша қабылдап алған. Артынан кезең-кезеңімен қажетті жерлерге орналастыру жұмысын бастаған.

Арада біраз уақыт өткен соң «ҚТЖ» ҰК АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалынан атқарылған жұмысты тексеруге арнайы тексеру тобы келген.

Олардың келу себебі, жергілікті Жолдағы полиция бөліміне жоғарыда қабылдап алған бұрандалардың қолды болғандығы туралы арыз түскен. Осы арыз негізінде ЖПб өкілдері  «ҚТЖ» ҰК АҚ-на мәселені анықтау мақсатында ішкі тексеріс жүргізуге өтініш білдірген.

Полицияның өтініші бойынша келген тексеру тобы жіберілген бұрандалар тиісті орындарға орнатылмаған яғни, ауыстырылмаған деген шешім шығарып, оны полицияға өткізген. Аталған шешім бойынша ЖПб Байдилданов Бекетке қатысты  ҚР ҚК 189-бабы 2 бөлігімен (Сеніп тапсырылған мүлікті жымққыру) қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастаған.

Айып тағылып отырған азамат ҚТЖ-дан келген тексерушілер жұмысын атүсті атқарды деп санайтындығын айтады.

Олар жол бойын жүріп өту кезінде жаңа бұрандаларды көре-тұра  есепке алған жоқ. Тіпті арнайы кодтық маркалармен салыстыра отырып тексеруге де назар аудармады. Сондықтан мен ол тексеріс нәтижесіне сенбеймін,-дейді Б. Байдилдинов.

Жазықсыз айыпталып жатырмын деген  азаматтың бұл сөзін оның  қорғаушысы Жақсылық Тұрсынбай да қуаттап отыр. Оның айуынша ҚТЖ-дан келген тексеру тобының шығарған шешімімен қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ көрінеді.

Бұл жерде ҚТЖ-дан келген тексерушілер өз жұмыстарын тиянақты атқармай, атүсті жаптым жала, жақтым күйе сипатында шешім шығарғаны анық байқалып тұр. Біріншіден жаңадан келген бұрандаларда М22  деген арнайы маркалық код болған. Олар тексеріс кезінде осындай коды бар бұрандалар тұрған жерлерді іздеп анықтау керек еді. Алайда, олар мүлдем олай істемеген. Ең қызығы тергеу жұмыстары басталған кезде анықтау мақсатында тергеуші қылмыс болған орынға барып тексеріс жүргізген. Сол кезде жоғарыда менің қорғауымдағы азамат қабылдап алған М22 маркалы 1785 дана бұранданың (шуруп) 1664 (бір мың алты жүз алпыс төрт)  данасы ескі бұрандалармен ауыстырылып орналастырылғанын анықтаған. Бұл туралы құжат сотта қаралып жатқан іс құжаттарында де тіркеулі тұр,- дейді адвокат Ж. Тұрсынбай.

Адвокаттың айтуынша қалған бұрандалардың да есебі түгел.

Қалған 54 дана бұранданы полиция қызметкерлері қоймада тұрған жерінен  айғақ зат ретінде тіркеуге алып кеткен. Тағы  70-80 дана бұранда қажетті жерлерге орналастырылған. Алайда, олар есептен шығару актісінде көрсетілмеген деген сылтаумен есепке алынбай қалған. Бұған сол жерге барып, бұрандалардың жоғарыда көрсетілген М22 маркалы кодымен тексерсе оп-оңай көз жеткізуге болады»,-дейді адвокат.

ҚТЖ тексерушілері тексеріс барысында 13 (он үш) дана шпал материалдың жеткіліксіздігін анықтадық деген де қорытынды шығарады. Алайда, қорғаушы мен айыпталушының , тексеріс кезінде темір жол бойының басқа бөліктерінде артық шпалдар кездескен. Бірақ, тексерушілер бұны көре тұра есепке алмай кеткен.

Қорыта келгенде айыптау тарапы Б. Байдилдиновке жымқыру мақсатында ҚТЖ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалына 700 000 (жеті жүз мың) теңге көлемінде шығын келтірді деп айып тағып отыр.

Ал, айыпталушының өзі, жоғалмаған, ұрланбаған өз орнында тұрған мүлік үшін жазықты болып кетуі мүмкін болып тұрғанын айтады.

Қазіргі таңда іс Жетісу облысы, Үштөбе қалалық сотында қаралып жатыр. Келесі сот 3-4 шілде күндеріне белгіленген.

Jurtmedia.kz айыпталушы тараптың өтініші негізінде және қоғамға ашық және сенімді ақпарат беру мақсатында, алдағы  сот процестеріне қатысуды жоспарлап отыр. Сот ашық сот тәртібімен өтіп жатыр.

Сонымен қатар материалда келтірілген деректерге қатысты туындаған сұрақтар негізінде  Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясына журналистік сауалдар жолдайтын болады.

«Өкпелесең көшіп кет»: Бұрынғы Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды

Осыдан 22 күн бұрын Қорғаныс минмстрі лауазымынан босатылған Руслан Жақсылықов бүгін Президент өкімімен жаңа қызметке тұрды, деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ол бгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінде басшылық қызмет атқаратын болады. 

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды,-делінген Aqorda.kz таратқан ресми ақпаратта. 

Айта кетейік Жақсылықов 2022 жылғы 19 қаңтардан бері Қорғаныс министрі болған еді. Жақында 8 маусым күні Мемлекет басшысының жарлығымен минстр лауазымынан босатылған болатын.  Ол ел есінде журналистерге қарата айтқан, «Өкпелесең көшіп кет», -деген сөзімен көбірек қалды.