12 облыста жол қозғалысына қауіп күшейеді

“Бүгін еліміздің 12 облысында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мекемесі ескертті” деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жолдың беті тайғақ болуы мүмкін. Осыған орай жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және күрт маневр жасамауға кеңес беріледі.

Қолайсыз ауа райы Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының тәртіп сақшылары да ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасаған болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика