Ресейлік әншінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

Елордада жоспарланған Владимир Пресняковтың концерті өтпейтін болды. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

2026 жылғы 13 қарашада Астанада өтуге тиіс болған ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концерті тоқтатылды. Бұл туралы ұйымдастырушылар ресми мәлімдеме жасады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, концерттің өтпей қалуына техникалық себептер түрткі болған. Олар тыңдармандардан қолайсыздық үшін кешірім сұрап, болашақта бұл музыкалық кешті өткізуге мүмкіндік болады деген үміт білдірді. Ал Алматы қаласында жоспарланған концерт өз уақытында өтеді. Музыкалық кеш 14 қарашада Республика сарайында ұйымдастырылады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика