Елдегі «Яндекстің» бес компаниясы тексеріледі. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
«Яндекс» компаниялар тобына кіретін бес заңды тұлғаға жеке деректерді қорғау талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Бұған дейін Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаева «Яндекс» сервистерінің жаппай істен шығуына байланысты Бас прокурор мен министрге депутаттық сауал жолдаған болатын. Ол азаматтардың жеке деректері, соның ішінде, телефон нөмірлері, мекенжайлары, жүріп-тұру бағыттары мен төлем ақпаратының қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерді. Министрдің жауабына сәйкес, қараша айының соңына дейін «Яндекс Қазақстан» ЖШС, Yandex Bastau ЖШС, «Яндекс. Такси Корп» ЖШС, «Яндекс. Еда Казахстан» ЖШС, «Яндекс LLP» секілді бес компания бар.Тексеру кезінде азаматтардың жеке деректерін жинау, өңдеу және сақтау талаптарының заңға сәйкестігі, сондай-ақ ақпаратты қорғау шаралары мен деректерді Қазақстан аумағында сақтау тәртібі қаралады.
Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда компанияларға кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама беріліп, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Тексеру қорытындысы кейін жарияланады.
Еске салайық, 11 қазанда Yandex Go сервистерінде ірі ақау болып, компания бұған деректер орталықтарының зақымдануы себеп болғанын хабарлаған еді. Ал 13 қазанда «Яндекс Go» жұмысындағы іркілістен кейін такси бағасының үш есеге жуық қымбаттауына байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive компаниясына ескерту жасаған болатын.
