Елордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, Toyota автокөлігімен қауіпті маневрлер жасап, өзге жүргізушілерге қатер төндірген 25 жастағы Алмат Досмамбетов анықталып, ұсталды,—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. .
Тексеру барысында жүргізушінің әлеуметтік желілерге контент түсіріп, қаралым санын арттыру мақсатында қауіпті маневрлер жасағаны белгілі болды.
Жүргізушіге маневр жасау қағидаларын бұзу, жолдарды бүлдіру, көлікті пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ ұсақ бұзақылық деректері бойынша заң аясында шара қолданылды.
Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
