Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

жаңажан жасақталған Жоғарғы Консультативтік органның алғашқы жиылысы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. 

Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес:

1. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын,-делінген Мемлекет басшысының өкімінде.

Айта кетейік, бүгін Президенттің жарлығымен Халық Кеңесінің құрамы бекітілген болатын. Оған 126 адам мүше болды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика