Астанада өзгелерге қауіп төндірген жүргізуші қамауға алынды

Елордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, Toyota автокөлігімен  қауіпті маневрлер жасап, өзге жүргізушілерге қатер төндірген 25 жастағы Алмат Досмамбетов анықталып, ұсталды,—деп хабарлайды Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы. .

Тексеру барысында жүргізушінің әлеуметтік желілерге контент түсіріп, қаралым санын арттыру мақсатында қауіпті маневрлер жасағаны белгілі болды.

Жүргізушіге маневр жасау қағидаларын бұзу, жолдарды бүлдіру, көлікті пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ ұсақ бұзақылық деректері бойынша заң аясында шара қолданылды.

Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика