Ақтөбеліктер әлем чемпионына темір тұлпар сыйлады

Словакияда өткен грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында 67 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап алтын медаль жеңіп алған балуан Қазыбек Қалмағамбетовті Ақтөбе әуежайынан жерлестері күтіп алды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Әлем чемпионын Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды. Салтанатты күтіп алу кезінде чемпионға облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен темір тұлпар сыйланды. Көліктің кілтін облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов табыстады.

Айта кетейік, Қазыбек Қалмағамбетов — Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 санаты бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Оның  алғашқы бапкері Мұқанбетжан Зарлықов. Қазіргі жеке жаттықтырушысы – Нұртас Өтепбергенов.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика