Алматы-Талғар тас жолы бойында мейрамхана өртенді

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан екі қабатты мейрамхана ғимаратында өрт шықты. ТЖМ мәліметінше тілсіз жау ғиамрат аумағын толық шарпыған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Өри сөндірушілер келген кезде мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір оттегі баллонын алып шықты.

Нақтылаған мәліметтер бойынша  өрттің аумағы 460 шаршы метраумаққа жайылған.  Өртті сөндіру жұмыстары жоғары өрт жүктемесіне және оттың тез таралуына байланысты күрделі жағдайда жүргізілді. ТЖМ қызметкерлері өртті оқшаулау және толық сөндіру бойынша қажетті шараларды қабылдады.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» еріктілерінен шамамен 50 қызметкері мен 20 бірлік техникасы, жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика