Сізден басқаның барлығы кінәлі: Сұлтанғазиев Бектеновтен сын естіп қалды

Кешегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есебіне көңілі толмады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бектенов облыста әлдеқашан жасалуы тиіс бірнеше саладағы келісім-шарттардың кешеуілдеп жатқанына шүйлікті.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды іске асыру қарқыны жеткіліксіз аймақтар бар. Біз Алматы облысының есебін тыңдадық. Бүгінгі күнге дейін аймақта тиісті жобаларға келісімшарттар жасалмаған. Бұның себебі неде? — деп сұрады Үкімет басщысы әкімнен.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, аймақтың энергетика және коммуналдық қызметтерді жаңғырту жобасы бойынша 6,2 миллиард теңгеге 10 жоба жоспарланған. Жылумен жабдықтау жоспары 50%-ға орындалды, бірақ сумен жабдықтау саласында проблемалар туындаған.

Сумен жабдықтау және канализация саласында 2 миллиард теңгеге екі жоба жоспарлануда. Тендерлік рәсімдер басталды, бірақ прокуратуралық шағымнан кейін тендер нәтижелері жойылды, ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі бұл жобаларды қаржыландыруы тоқтатылатын жобалар тізіміне қосты. Осыған қарамастан, тендер қайта жарияланды, — деп баяндады Алматы облысының әкімі.

Ол сондай-ақ Премьер-Министрден Қаржы министрлігіне бұл жобаларды басымдығы төмен жобалар тізімінен алып тастауды тапсыруды сұрады.

Сізді тыңдап отырсақ, сізден басқаның барлығы кінәлі. Мәселені шешуді Жылдамдатыңыз,- деді Сұлтанғазиевтің жауабына көңілі толмаған Бектенов. 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика