Бұған дейін сот қаулысымен үйқамақта отырған ҚазТАГ ақпарат агенттігінің Бас редакторы, Амир Касеновке қатысты шешім бұлтарпау шарасы яғни күзетпеу ұстау түріне ауысты — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы.
Соттың бұндай шешім шығаруына А. Касеновтың үйқамақ талаптарын бірнеше рет бұзғаны себеп болған.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында А.Касенов, А.Матаев және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасуда.
Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы А.Касеновқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын күзетпен ұстауға өзгерту туралы өтінішхат берді.
Анықталғандай, соттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен А.Касеновқа әлеуметтік желілер мен интернет желісін пайдалануға, кез келген хат-хабарды алуға және жіберуге, сондай-ақ интернет, ұялы байланыс және қалалық телефонды қоса алғанда, кез келген байланыс құралдарын пайдаланып сөйлесуге және хат алмасуға тыйым салынған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын көрсетті. Сонымен қатар, соттың 2026 жылғы 5 маусымдағы қаулысымен қылмыстық іс өндіріске қабылданып, басты сот талқылауы тағайындалған кезде бұрын таңдалған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылған. Соған қарамастан, А.Касенов 2026 жылғы 2 маусымда бұқаралық ақпарат құралының парақшасында қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты жеке бейнеүндеу жариялап, үйқамақ талаптарын бұзған-делінген Аламты қаласы соты баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ 2026 жылғы 15 маусымда интернет-ресурстарда қылмыстық іс бойынша медиация мәселесіне қатысты тағы бір жеке бейнеүндеу жариялаған. Бұдан бөлек, А.Касенов 2026 жылғы 11 маусым сағат 10:00-де өтетін басты сот талқылауы туралы тиісті түрде хабарланғанына қарамастан, сот отырысына келмеген. Осылайша, ол соттың алғашқы шақыруы бойынша келу міндетін бұзған. Тараптардың пікірлерін тыңдап, ұсынылған материалдарды зерттеген сот мемлекеттік айыптаушының өтінішхатын қанағаттандыруға негіздер бар деген қорытындыға келді.
Сот қаулысымен А.Касеновқа қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақтан күзетпен ұстауға өзгертілді. Келесі сот отырысы 22 маусым сағат 10:00ге тағайындалды.
