Елімізде никаб киген мыңнан аса адам жауапқа тартылған

ІІМ Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетін жауып тұратын діни киім киюге тыйым салынғаны бері мыңнана аса адамға заң жүзінде шара қолданылғандығын мәлімдеді,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Полицияның мәліметінше, жаңа заң талаптары  күшіне енгеннен бері ережені бұзған 1179 адам анықталған. ҚР Ішкі істер министрлігі бірінші рет бұзушылық үшін ескерту түріндегі жаза қарастырылғанын атап өтті. Алайда, бір жыл ішінде қайта тәртіп бұзушылық анықталса, 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Ішкі істер министрлігі шектеулер барлық жағдайларға қолданылмайтынын атап өтті. Ауа райына байланысты, медициналық себептермен, сондай-ақ жұмыс, спорт және мәдени іс-шаралар кезінде бетті жабуға рұқсат етіледі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика