Астана әуежайында уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін

Мұндай шешім елорда әуежайы аумағында антитеррорлық оқу-жаттығу шарасы өтуіне байланысты қабылданып отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының терроризм қатерлеріне жедел дайындығын тексеру.

Шара бүгін сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы (Қабанбай батыр даңғылы, 119) аумағында өтеді.

Оқу-жаттығу барысында әуежай аумағында және оған іргелес учаскелерде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз,- деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика