Тоқаев Әзірбайжанға Иран тарапынан жасалған әрекетті қатаң айыптады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

   Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді,- делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика