Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тележурналист Тина Канделакидің Қазақстанға келу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады

Қажет болған жағдайда шара қолданылады.Мемлекет мұны кешірмейді. Оның бұл жерге келуі екіталай, келсе, кіре алмайды, — деді Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Еске салайық, Т.Канделаки қазақстандық теміржол вокзалдарының атауын қазақшалауға қатысты «қазақстан орыс тілінің аясы тарылып барады»,- деп мәлімдеме жасаған болатын. Оған елімізге танымал журналистер мен қоғам қайраткерлері қарсылық жауабын қайтарған. Осындай қарсылыққа тап болған Канделаки  ел тұрғындарын «мәңгүрттерге» теңеді.