Тиісті норма жаңа Конституция жобасының 95-бабында анық көрсетілген, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Соынмен қатар алдағы референдумда Конституцияның жаңа жобасы қабылданған жағдайда ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.
Сонымен қатар 95-бапта қолданыстағы Конституцияға сәйкес қалыптастырылған Парламент өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтататыны да жазылған.
Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс, – деп көрсетілген жаңа Ата заң жобасында.
