Алдағы референдум шығыны өткен референдумға қарағанда қымбат болғалы тұр

Бұндай мәліметті бүгінгі сенат кулуарында Қаржы министрінің орынбасары, Дәурен Темірбеков келтіріп отыр, джеп хабарлайды

Алдыңғы референдімға ел бюджетінен кеткен шығын Т15,5 млрд болған. Ведомство өкілі осы референдумның қымбатқа түсу себебін, елдегі халық санының артуымен түсіндірді.

Сома әзірге белгісіз. Біз ОСК-дан бюджеттік өтінімді күтіп отырмыз. Менің ойымша, бұдан көп болады (алдыңғы референдумға Т15,5 млрд жұмсалған – ҚазТАГ), өйткені халық саны артты, инфляция деңгейі бар. Халық саны көбейгендіктен, сәйкесінше, сайлау учаскелері де көп болуы керек. Сондықтан сома да көбірек болады деп күтіп отырмыз, – деді вице-министр.  

Сонымен қатар Темірбеков 15 наурызда өтетін халық таңдауына нақты қанша қаражат жұмсалатына алдағы екі күн ішінде нақты белілі болатынын атып өтті.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика