Аталған қызметке бұған дейін Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарған Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Aqorda жазды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген дереккөз берген ақпаратта.
Ол осы қызметке дейін Астана қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет еткен. Жалпы, Прокуратура саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді.
