Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы-кеңесшісі болып келген Руслан Желдібай Президент жарлығымен қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Аталған лауазымға біраз жыл еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болған Айбек Смадияров тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген ақорда таратқан ресми ақпаратта.
Айта кетейік, Айбек Смадияров өткен жылдың желтоқсан айында СІМ- дегі қызметінен кетіп, Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалған болатын.
