Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары басталды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді,-делінген хабарламада.
