Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
Елдің шығыс бөлігінде қатал ауа райы сақталмақ, жолаушылар мен тұрғындарға ескерту жасалды.
БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе
Батыс аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейбір аудандарда тұман түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, кейін шығыс бағытқа ауысып 7-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура 0…+7°, күндіз +8…+20° аралығында болады. Ақтау мен Атырауда күн ашық, Ақтөбеде бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз.
Астана, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстары
Бұл өңірлерде түнде және таңертең жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыс және батыс бағыттан 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура -6…0°, күндіз -4…+4°. Ең салқын ауа райы – Солтүстік Қазақстан мен Павлодарда. Қарағанды мен Көкшетауда күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көріну қашықтығы нашарлайды.
ШҚО, Абай облысы
Шығыста ауа райы күрт суытады. Түнде -10…-24° аяз, кей жерлерде қатты боран, көктайғақ және қалың қар күтіледі. Жел 20-28 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы -5…+3° шамасында. Өскемен мен Семейде қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ болу ықтималдығы жоғары.
