Алимент – оны төлеушінің табысының кез-келген түрінен өндіріледі

Астана қаласының прокуратурасы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Конституциялық сот шешімдерінің орындалуы мен конституциялық заңдылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмысын жүргізуде деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қолданыстағы заңға сәйкес алимент төлеуге міндетті азаматтар кәмелетке толмаған балалары үшін кірісінің кез-келген түрінен сот шешімінде көрсетілген тәртіпке сәйкес төлеп отыруға тиіс.

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы Басқармасының аға прокуроры, әділет кеңесшісі Әлия Қыстаубаева айтып берді.

 Конституциялық Соттың 2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 нормативтік қаулысына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақы және өзге де кіріс түрлерінің тізбесінің 1-тармағы 11-тармақшасы конституциялық деп танылған.
Тізбенің көрсетілген тармағына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған алимент ретінде ата-ананың бірі (Сот шешімімен кімге жүктелген болса)  заңды тұлға ретінде тіркелмесе де кәсіпкерлік қызметінен кірісі ұсталуға жатады,- дейді Ә. Қыстаубаева. 

Оның айтуынша алимент төлеу ата-аналық міндеті бола тұра ұстауға жатпайтын кіріс көздері де бар екен.

  Баланы асырау үшін ата-ананың табысының бір бөлігін аударуды құқықтарды шектеу деп санауға болмайды, бірақ оның табиғи міндеті болып табылады.
Сондай-ақ тізімде ұсталуға жатпайтын төлемдердің түрлері де бар, ол  бірінші кезекте өтемақы төлемдері деп көрсетілген, — деп атап өтті  құқық философиясының докторы  Әлия Қыстаубаева.