Қазақстанға Бердімұхамедов келді

Елімізге Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Aqorda-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.  Олар түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды,- делінген хабарламада.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. 

Фото: дереккөзден