Оралдан Астанаға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысқан

Оқиға  Орал — Астана бағыты бойынша FlyArystan әуекомпаниясының FS 7366 рейсін орындау кезінде болған,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Air Astana әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиғадан ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында айтарлықтай ауытқулар  болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонған.

Ұшақ келгеннен кейін сол жақ қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ  қозғалтқышта және басқа жерлерде құстардың қалдықтары табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі,-делінген дереккөз таратқан ақпаратта. 

Осы орайда әуекомпания   елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түскенін атап өтті.

Мысалы,  2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға шаққанда құстармен соқтығысу жағдайлары 2023 жылмен салыстырғанда 30% -ға өсіп, нақты айтқанда 203 оқиға тіркелген,-деп атап өтті әуекомпания өкілдері.