Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысы қалай бағаланатынын атап өтті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды,-. Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Аqorda-ға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы отырыстың ашылуында бүгінгі жиынның негізгі күн тәртібіне тоқталып өтті.

Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.

Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор,-деді Презмдент. 

Сонымен қатар ол Үкімет пен әкімдердіің өткен жылғы жұмыстары саралана отырып, оларға баға берілетіндігіне тоқталды.

 Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз,-деп атап өтті  Қ. Тоқаев