«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на 32 млрд. теңге айыппұл салынды

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасқз қызметі мәлімдеді. 

Компания жұмыс барысында ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтау кезінде заң бұзған.

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың  қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды,-делінген бас қадағалаушы орган таратқан мәліметте. 

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, аталған компанияда мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.

Дереккөздің жазуынша, аталған факт бойынша өткен  айда компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл салынған.