Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласы, Алмалы ауданының полиция қызметкерінің басқармаға жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Райымбек Шарипбаев мәлімдеді.
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде «қаңтар» оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) экс-полицейге қатысты айыптау үкімін шығарды.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді,- деді ресми өкіл.
Дереккөздің жазуынша прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласы, Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеп шыққан.
Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.
Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.