Ол мемлекеттік органдарда таныстарым бар деген сылтаумен қорғауындағы әйелдің ірі мөлшердегі ақшасын жымқыруға оқталған-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қорғауында болған әйел адам ұсталғаннан кейін адвокат бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, яғни соттың күзетпен ұстау туралы шешімін үйқамаққа ауыстыру мәселесін «шешіп беруді» ұсынып, ол үшін7 млн теңге талап еткен.
Әйел заңсыз мәмілеге барудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінген.
Жедел іс-шаралар барысында адвокат ақшаны алған бойда қылмыс үстінде ұсталған. Сот үкімімен оған адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Елорда прокуратурасы тергеу барысына заңсыз ықпал ету әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді және азаматтарды осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
