25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сапар аясында екі ел басшылары кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
