Ақмола облысында әлеуметтік желіде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қанат Ысқақовтың атынан жасанды аудио қолданылған видео тараған. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Департаменттің хабарлауынша, Facebook желісіндегі «Пульс Континента» парақшасында жарияланған видеода шенеуніктің түпнұсқа дауысы жасанды интеллект көмегімен өзгертілген.
Жалған аудиода ол зардап шеккендердің көбі үнсіз қалатынын, кейбіріне қысым көрсетіліп, қорқыту мен бопсалау әрекеттері жасалатынын айтқандай көрсетілген. Ведомствоның мәлімдеуінше, видеодағы сөздер шенеуніктің шынайы мәлімдемесіне сәйкес келмейді. Аудиожазба өзгертіліп, оның сөзі бұрмаланған. Осылайша, қоғамда жалған түсінік қалыптастыруға бағытталған ақпарат таратылған.
Осы дерекке байланысты департамент Көкшетау қаласының полиция басқармасына ресми хат жолдап, жағдайды құзыреті аясында қарауды сұраған.
