Жол апаты 19 қараша күні шамамен сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылындағы «Сауда базасы» аялдамасының маңында болған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Куәгерлердің айтуынша, №64 бағытпен келе жатқан автобустың дөңгелегінің астына 7-сыныпта оқитын қыз бала түсіп кеткен.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қыздан бөлек, Yutong маркалы автобустың екі жолаушысы да медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
