Үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді

21-28 қараша аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Қазақстан атынан әлемдік додада Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді. Ол жекелей сында, сондай-ақ жұптық жарыстарда бақ сынайды.

Ерлер арасындағы жұптық сында Құрманғалиев Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге ойнайды. Ал аралас жұпта оның командаласы Мысыр спортшысы Хана Года болмақ.

Әлем чемпионатына 50 елдің өкілдері қатысады. U19 және U15 жас санаттарында барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика