Ипотека тұтынушылық несиеден жылдам өсіп жатыр

Елде ипотекалық несие көлемі 2026 жылғы 1 қазанда 7,8 триллион теңгеге жетті. Бір жылда бұл көрсеткіш 17,2 пайызға артқан. Ал тұтынушылық несиелер көлемінің өсімі 9,4 пайызды құрады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Ranking.kz мәліметінше, Қазақстан банк секторының жалпы несие портфелі бір жылда 11,6 пайызға өсіп, 46,4 триллион теңгеге жеткен. Соның ішінде халыққа берілген несие көлемі 26,7 триллион теңгені құраса, бизнеске берілген қарыз 19,8 триллион теңгеге жеткен.

Ипотеканың банк несиелерінің жалпы көлеміндегі үлесі 16,1 пайыздан 16,9 пайызға дейін өскен. Ал халыққа берілген бөлшек несиелер құрылымында оның үлесі 30 пайызға жуықтаған. Салыстырмалы түрде тұтынушылық несиелер көлемі 17,7 триллион теңгеге жеткен.

Сарапшылар ипотекалық несиелеудің қарқынды өсуін экономика үшін оң көрсеткіш деп бағалайды. Өйткені ипотека тұрғын үй нарығына, құрылыс саласына және оған байланысты өндіріс пен қызмет көрсету бағыттарына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік сатып алуға, салуға және қайта жаңартуға берілген несиелер көлемі 8,3 триллион теңгені құраған. Бұл сегменттегі 90 күннен астам мерзімі өткен берешек үлесі небәрі 0,4 пайыз болған. Ал бөлшек несие портфелі бойынша бұл көрсеткіш 4,2 пайызға тең.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика