2027 жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Елімізде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Үкімет қаулысының жобасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында еңбек ететін мамандарға еңбек өтілі мен жұмыс жүктемесіне қарай үстемеақы белгілеу қарастырылған.

Атап айтқанда, учаскелік терапевтерге, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, учаскелік медбикелер мен фельдшерлерге үздіксіз еңбек өтіліне қарай лауазымдық жалақысының:

  • 2 жылдан асса — 20 пайызы;

  • 3 жылдан асса — 30 пайызы;

  • 5 жылдан асса — 50 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Ал алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында халықпен тікелей жұмыс істейтін психологтарға базалық лауазымдық жалақының 300 пайызы, әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы көлемінде қосымша ақы қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар медицина саласындағы кадр тапшылығын азайтуға, мамандардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жұмыс жүктемесін төмендетуге бағытталған. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында 7 желтоқсанға дейін орналастырылған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика