Круиздік лайнерде 150-ге жуық адам вирус жұқтырды

Кариб теңізінде сапарға шыққан Caribbean Princess круиздік лайнерінде белгісіз инфекция таралып, 134 жолаушы мен 14 экипаж мүшесі сырқаттанған деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

CDC мәліметінше, науқастар құсу және іш өту белгілеріне шағымданған. Кеме 11 қарашада сапарға шығып, 23 қарашада кері оралуы тиіс. Бортта барлығы 2936 жолаушы мен 1132 экипаж мүшесі бар.

Princess Cruises компаниясы инфекцияның таралғанын растап, кемеде тазалау және дезинфекциялау жұмыстары күшейтілгенін мәлімдеді. Сырқаттанғандар оқшауланған.

Аурудың нақты себебі әзірге белгісіз. Мамандар зертханалық сынамалар алып, инфекцияның қоздырғышын анықтап жатыр. CDC дерегінше, мұндай жағдайларға көбіне өте жұқпалы норовирус себеп болуы мүмкін.

Мамандар инфекцияның алдын алу үшін қолды сабынмен жиі жуып, санитарлық талаптарды сақтауға кеңес береді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика