ақпарат ағыны

Ақмола облысында полиция кәсіпкерге қатысты заңсыз қылмыстық іс қозғаған

Кәсіпкерге қатысты басталған қылмыстық қудалау Ақмола облысы, Хромтау ауданының прокуратурасымен араласуымен өндірістен тоқтатылды, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Прокуратураның мобильді тобына түскен сигнал бойынша анықталғаны,  21 ақпанда Хромтау аудандық ПБ-нің қызметкерлері «Сектор» ойын клубының жұмыс жасап тұрған кәсіпкерге қатысты қандай-да бір арыз немесе шағым болмағанына қарамастан, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану дерегі бойынша ҚК-тің 198-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алайда, қылмыстық қудалау органы қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес, аталған санаттағы істердің тек жәбірленушінің шағымынан ғана басталатынын ескермеген.

Осыған байланысты аудан прокуратуарсымен кәсіпкерге қатысты негізсіз басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірістен тоқтатылып, тәркіленген мүлік кәсіпкерге қайтарылып берілді,-  деп жазды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс жүргізу өндірісі қозғалды.