Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Бұл туралы  Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Ол ҰҚК басшысының экс-орынбасары, тұңғыш президенттің немере бауыры Самат Әбіштің ісі туралы журналистер сауалына орай қысқаша ғана пікір білдірді.

 Іс сотқа жіберілді, яғни ол — сотталушы. Бұл іс — құпия, сондықтан құпия түрде тергеліп, сотқа жіберілді. Одан әрі ештеңе айта алмаймын, — деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Алайда Бас прокурор орынбасара Самат Әбіштің дәл қазргі кезде қайда  екендігі туралы нақты жауап айтпады.

  Мен істің сотта екенін ғана білемін. Ол қайда? Қазақстанда. Тергеу кезінде ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған. Қалғанын айта алмаймын, — деді Шындалиев