17 қараша күні Астананың бірқатар көшесінде электр энергиясы уақытша сөндіріледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, жарықтың өшуі жоспарлы жұмыстарға байланысты.Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
Атап айтқанда:
- 09:00–12:00 аралығында Н. Ахметбеков көшесіндегі 20-40-үйде ағаштарды бұтау жұмыстарына байланысты электр қуаты болмайды.
- 13:00–16:30 аралығында Қарасаз көшесіндегі 7-23, Таскескен көшесіндегі 1-18 және Кеңгір көшесіндегі 1-18 үйлерде ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізіледі.
- 14:00–16:00 аралығында С. Асфендияров көшесіндегі 11 және 12-үйлерде ток трансформаторы ауыстырылады.
Тұрғындарға осы уақыт аралығында электр қуатының уақытша өшірілетінін ескертіледі.
