АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей басшысы Владимир Путин және Қытай төрағасы Си Цзиньпин 19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында үшжақты кездесу өткізуі мүмкін деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Келіссөздерде халықаралық қауіпсіздік, ядролық қаруды бақылау және ірі державалар арасындағы қарым-қатынас мәселелері талқылануы мүмкін.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – ядролық қаруды шектеу. Вашингтон жаңа келіссөздерге Қытайды да тартуға мүдделі. Алайда Бейжің бұл бастамаға әзірге сақтықпен қарап отыр.
Сондай-ақ Ирандағы жағдай мен Украинадағы соғыс мәселесі де талқылануы ықтимал. Дегенмен тараптар келіссөздердің толық күн тәртібін әлі жариялаған жоқ.
Бұл кездесу халықаралық саясаттағы маңызды дипломатиялық оқиғалардың бірі ретінде бағаланып отыр. Сарапшылар үш державаның келіссөздері әлемдік қауіпсіздік пен геосаяси ахуалға ықпал етуі мүмкін екенін айтады.
