Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Кездесуде 2026 жылғы 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы талқыланды.
Президент сайлауды заңдылық пен тәртіп қағидаттарына сай өткізіп, барлық кандидат пен саяси партияға тең жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың жұмысын күшейтетінін айтты.
